Оқу-ағарту министрлігі апатты, үш ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін жүйелі жұмыстар жүргізуде

508

2023-2024 оқу жылында 132 мың оқушы орны бар 154 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. 

Оқу-ағарту министрлігі апатты, үш ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін жүйелі жұмыстар жүргізуде Фото: www.schoolturan.kz

1 қыркүйекке 194 орта білім беру ұйымында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 65,6 мың орындық 52 мектеп іске қосылады. Бұл апатты жағдайда тұрған 12 мектеп пен үш ауысымды 29  мектептің мәселесін шешпек.

Бұдан басқа, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды. Оның шеңберінде 740 орынға арналған 369 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда орналасқан 1000 мектеп алты бағыт бойынша жаңғыртылады, яғни, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, пәндік кабинеттер жабдықталады, кітапханалардың, асханалардың, мектептердің жиһаздары жаңартылады, сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 1000 пәндік кабинет ашу жоспарлануда, 749 пәндік кабинет қосымша сатып алынады.

Атап өту керек, мемлекет жыл сайын мектептерді жаңғырту мен құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп келеді. Соңғы 3 жылдың өзінде 340 мың оқушы орнына арналған 626 мектеп пайдалануға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу