Оқу-ағарту министрлігі балаларға қатысты алаяқтық туралы ескертті

161

Соңғы уақытта жасөспірімдерге бағытталған алаяқтық жағдайлары көбейіп кетті. 

Оқу-ағарту министрлігі балаларға қатысты алаяқтық туралы ескертті Фото: freepik

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға балаларының интернеттегі әрекеттеріне жіті назар аударуға шақырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алаяқтар онлайн ойындар мен мессенджерлерді (әсіресе Telegram) пайдаланып, балаларды алдап, ата-аналардың банк карталарының деректерін қолға түсіруге немесе кәмелетке толмағандарды заңсыз қаржылық әрекеттерге тартуға тырысады.

Балаларға ойын арқылы ұтыс ұтып алуға немесе "оңай ақша табуға" болады деп сендіріп:

• банк карталарының суретін CVV-кодымен бірге сұратады;
• карталарын "жалға беруді" ұсынады;
• достары мен сыныптастарының карталарын жинауды сұрайды.

"Бұл әрекеттердің салдары өте ауыр болуы мүмкін – заң алдында жауапқа тарту қаупі бар және баланың психикасына, өмірге деген сеніміне зиян келтіреді", – делінген хабарламада.

Сіз не істей аласыз?

• Баламен ашық сөйлесіп, алаяқтың кім екенін және неге банк картасының деректерін ешкімге беруге болмайтынын түсіндіріңіз.
• Қауіпті арналарға жол бермес үшін ата-ана бақылауын орнатыңыз.
• Балаңыз интернетте кіммен, не жайлы сөйлесіп жүргенінен хабардар болыңыз.

Комитет осындай жағдайлардың алдын алу мен қауіпсіздікті күшейту бағытында жұмысын жалғастыруда. Алайда ең басты қорған – бұл отбасы ішіндегі сенім мен ашық әңгіме.

"Күмәнді әрекеттерді байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына немесе 111 байланыс орталығына хабарласыңыз. Балаларыңызға қамқор болыңыз – олардың қауіпсіздігі сіздің хабардар болуыңыздан басталады!", – деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу