Ата-аналарға мектеп жасына дейінгі балаларын кезекке қою кезінде бірден төрт балабақшаны таңдау мүмкіндігі берілетін болады. Бұл туралы мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Елдімекендердің карталарында барлық мектепке дейінгі ұйымның паспорты және кезек қозғалысы пайда болады, деді спикер.
"Ата-аналар өз жұмысының, үйінің жанындағы балабақшаны таңдай алады немесе олардың таңдауы шалғайда орналасқан мектепке дейінгі ұйым болуы мүмкін. Олар ұйымды таңдай алады. Бұл механизм мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы бәсекелестікті анықтауға көмектеседі", - деді Наталья Жұмаділдаева.
Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры кезектілікті есепке алудың бірыңғай базасы құрылатынын да мәлімдеді.