Оқу-ағарту министрлігі мектепке қабылдау ережелерін өзгертпек

474

Нақтырақ айтсақ, оқу орындарына қабылдау үшін уақыт шектеулерін алып тастау жоспарланып отыр. 

Оқу-ағарту министрлігі мектепке қабылдау ережелерін өзгертпек Фото: pixabay.com

Қазір 1 сыныпқа баратын баланың ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Жобада құжаттарды қабылдау бойынша осы уақытша шектеуді алып тастау көзделген, деп хабарлайды inbusiness.kz Ашық НҚА сайтына сілтеме жасай отырып.

Оқушылар мектептің қызмет көрсету аумағынан тыс жерде бос орындар болған жағдайда қабылданады.

10,11,12 сыныптарда оқығысы келетін оқушылардан өтініштерді қабылдау 31 тамызға дейін ұзартылады (қазір 15 тамызға дейін белгіленген).

Бұйрық жобасын талқылау 3 қазанға дейін созылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу