Оқу-ағарту министрлігі мен "Әділдік жолы" ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

676

Ондағы мақсат Білім саласына бөлінген қаражатты пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету, ұйымдарда "жалған орындарды" анықтау. 

Оқу-ағарту министрлігі мен "Әділдік жолы" ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шараларды бірлесіп әзірлеуге және ынтымақтастық туралы келісімге келді, деп жазады inbusiness.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі жақ балабақшалар мен мектептердегі "жалған орындарды" бірлесіп анықтауды, білім беру ұйымдарының қаражатты пайдалануының ашықтығын қадағалауды, директорлар мен мұғалімдердің бос орындарына ашық конкурстар өткізуді және т.б. мәселе бойынша жұмыс істейтіндерін мәлімдеді.

"Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру көлемі 500 млрд теңгеден асады, келесі жылы бұл сома айтарлықтай ұлғаяды. Ал бізге қаражаттың мақсатты және ашық жұмсалуын қамтамасыз ету маңызды. Сол себепті цифрландыруды, бірыңғай кезекті, жан басына қаржыландыруды енгізіп жатырмыз. "Әділдік жолымен" бірлесіп балабақшалар, мектептер мен колледждерге мемлекеттік тапсырысты мониторингілеу жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ педагогтерді жұмысқа қабылдау мәселелері және басқа да тәуекелдер бар бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істейміз", - деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу