Оқу-ағарту министрлігі мерекеде мұғалімдерге гүл сыйлауға болатынын айтты

507

Оқушылар мұғалімдеріне гүл сыйлап, қуанта алады.

Оқу-ағарту министрлігі мерекеде мұғалімдерге гүл сыйлауға болатынын айтты Фото: malim.kz

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мұғалімдерді мазалаған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Мереке қарсаңында әріптестерден "Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?" деген сұрақтар түсе бастады. Осы орайда аталған сұраққа қатысты ұстанымды білдіргім келеді. Ұстаздар күні расында ерекше күн, мереке педагогтердің біздің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ, бұл бізді тәрбиелеу мен оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі. Гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру – біздің мұғалімдерімізге білдіретін алғыс сезіміміздің белгісі. Айта кету керек, ұстазға құрмет көрсету ұрпақтар арасында сақталып келе жатқан дәстүр", – дейді Мереке Амангелдіқызы.

Айтуынша, мұндай сыйластық ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп, ұрпақтар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу