Оқу-ағарту министрлігі НЗМ-дегі жағдайға байланысты шұғыл шара қабылдады

179

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасымен күні кеше Алматы қаласына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы шұғыл түрде іссапармен барды. 

Оқу-ағарту министрлігі НЗМ-дегі жағдайға байланысты шұғыл шара қабылдады Фото: malim.kz

Ол "НЗМ" ДББҰ Басқарма төрағасымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық департаментінің өкілдерімен, өңірлік Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, мектеп ұжымымен, оқушының ата-анасымен және өзімен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ашық әрі сындарлы диалог барысында орын алған жағдай жан-жақты зерделеніп, баланың әрі қарай білім алу жолдары қарастырылды. Бұл ретте шешім заңнама талаптарына сай, баланың құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде толыққанды білім алу құқығын ескере отырып қабылданды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагогқа құрмет көрсету мен оның кәсіби пікірімен санасуды білім беру ортасының негізін құрайтын маңызды қағидаттар ретінде атап өтеді. Тағы да бір мәрте ескертеміз: Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" заңының нормаларын қатаң сақтау қажет. Мұғалімге құрмет көрсету мен қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету - білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу