Оқу-ағарту министрлігі: Оқулықта кеткен қателік үшін баспаларға жауапкершілік күшейтіледі

652

Енді полиграфиялық ақау, пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан ауытқу нәтижесінде кеткен қателер мен басқа да кемшіліктер анықталса, баспа оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді өз есебінен басып шығаруға міндетті.  

Оқу-ағарту министрлігі: Оқулықта кеткен қателік үшін баспаларға жауапкершілік күшейтіледі Фото: ortcom.kz

Бұл туралы Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз мұндай құқықтық норма арқылы барлық тараптардың өзара жауапкершілігін күшейту мектептегі оқу әдебиетінің сапасын арттыруға оң әсер етеді деп санаймыз", – дейді орталық басшысы Елдос Нұрланов.

Соңғы үш жылда ҚР Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік сараптама рәсімдерінің объективтілігін арттыруға, сарапшыларға, авторларға және оқулықтарға қойылатын талаптарды нақтылауға бағытталған бірқатар заңнамалық шаралар қабылдады.

2020 жылы сараптама жүргізу процесі толығымен құпиялық режимге ауыстырылды. Министрлік сайтында pdf және epub форматындағы қағаз оқулықтардың электрондық нұсқалары ашық орналастырылып, авторлар көрсетілмейтін болды. Бұл сараптаманың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететінін шара.

Сондай-ақ баспаларға ішкі сараптама жүргізу, авторлардың оқу әдебиеттерін әзірлеудің әдіснамасы, оларды бағалау критерийлері бойынша оқыту курсынан өткізу жауапкершілігі жүктелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу