Оқу-ағарту министрлігі "Педагогті қорғау" Telegram чатын іске қосты

906

Бұл чатта мұғалімдер өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады.  

Оқу-ағарту министрлігі "Педагогті қорғау" Telegram чатын іске қосты Фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті "Педагогті қорғау" Telegram чатын іске қосты. Қазірдің өзінде чатқа 3 мыңға жуық адам қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл чатта мұғалімдер өз құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлай алады. Мысалы, міндеттен тыс функцияларға тарту, шамадан тыс есеп беру және т.б. туралы. Телеграмдағы чатқа келген барлық ақпарат тексеріліп, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық департаменттердің мамандары өтініштерге жедел түрде жауап беріп, мұғалімдермен байланысады.

"Мұғалімдер шамадан тыс есеп беруден босатылды. Қазіргі күні педагогтер күніне тек екі құжат қана, яғни сынып журналын мен қысқа мерзімді (сабақ) жоспарын толтыруы керек. Құжаттардың нақты тізімі бар және оны барлығы сақтауы қажет. Мектеп әкімшілігі мұғалімдерден басқа құжаттарды толтыруды талап етуге құқығы жоқ. Егер мұғалімдердің құқықтарын бұзу анықталса, онда комитет тиісті шараларды қабылдайды. Сонымен қатар өңірлерде аумақтық департаменттер жанынан педагогикалық әдеп және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істейтінін еске саламыз", - деді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу