Министрлік ұстаздарға қатысты бүкіл қазақстандықты қамтитын челлендж жариялады

Ол еліміз бойынша 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтеді.  

Министрлік ұстаздарға қатысты бүкіл қазақстандықты қамтитын челлендж жариялады Фото: Оқу ағарту министрлігі

"Ұстаз – ұлт шамшырағы" атауымен ұйымдастырылатын он күндік туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Іс-шара аясында өңірлерде күн сайын педагогтерге арналған мерекелік және тақырыптық жиындар өтіледі. Бұл қадам педагог мәртебесін көтеруге, ұстаз мамандығын кеңінен насихаттауға, оның қоғамдағы ерекше рөлін баса көрсетуге бағытталып отыр. 

Челленджге барлық қазақстандыққа қатысуға мүмкіндік бар, ол үшін: 

– әлеуметтік желілерде #Ұстазыңдықұттықта #ПоздравьУчителя хэштегтерімен құттықтау жариялаңыз;
–  өз ұстазыңызға қоңырау шалып, жылы лебізіңізді білдіріңіз;
–  құттықтау хатын жіберіп, естеліктермен бөлісіңіз.

Еске сала кетейік, 2023 жылдан бері Қазақстанда Ұстаздар күні ресми түрде 5 қазанда атап өтіледі. Бұл күні еліміздің түкпір-түпірінде ұстаз еңбегін ұлықтауға арналған әртүрлі мерекелік іс-шара өтіледі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта еліміздегі 22 мыңнан аса білім беру ұйымында 6 миллионға жуық оқушыға 600 мыңнан астам педагог білім беріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу