Оқу-ағарту министрлігіне мектеп әжетханалары мен асханалардағы келеңсіздіктер туралы аноним хабарлауға болады

593

Мектеп әжетханалары мен асханаларындағы кемшіліктер туралы фото және видеоны 8 700 699 04 46 нөмірі арқылы What’s App және Telegram-BOT-қа, Instagram желісіндегі @balaga.laiyq парақшасын белгілеу арқылы жіберуге болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оқу-ағарту министрлігіне мектеп әжетханалары мен асханалардағы келеңсіздіктер туралы аноним хабарлауға болады Фото: liter.kz

"Авторлардың анонимділігіне кепілдік беріліп, олар туралы ақпарат жария етілмейді. Сондай-ақ мектептерге осы әлеуметтік желілерге сілтемелері бар QR-кодтар қосымша жіберілді", - делінген ақпаратта.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен елімізде "Мектептің жақсаруына көмектес!" ұранымен "Балаға лайық" акциясы өтіп жатыр. Ол 20 желтоқсанға дейін жалғасады.

 "Балаға лайық" акциясы барысында мектептердегі жуынатын бөлмелер мен асханалардың жағдайы айтарлықтай жақсарған. "Мектептегі әжетханалар мен асханаларға мониторинг жазалау үшін емес, балаларға қажетті жағдай жасауға мектептерді бірлесе тарту үшін жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді", - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Акция барысында мектептердің жуынатын бөлмелері мен асханасының жағдайы туралы 1000-нан аса шағым түскен. Әрбір өтінішті облыстық білім басқармалары қарайды. Заң бұзушылықтар анықталған 100-ден астам мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер жойылған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу