Оқу-ағарту министрлігінің онлайн платформалары бәсекелестікке қарсы деп танылды

369

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне қатысты тергеп-тексеру жүргізді.   

Оқу-ағарту министрлігінің онлайн платформалары бәсекелестікке қарсы деп танылды Фото: gov.kz

 Қорытындысында монополияға қарсы заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды, деп хабарлайды агенттікке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, министрлік білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекітіп, оған сәйкес сабақтарды "BilimLand", "Kundelik.kz", "Дарын.online" интернет-платформасы арқылы өткізуді ұсынған.

Осылайша, ақпараттық платформаларға қол жеткізу бойынша жоғарыда аталған компанияларға негізсіз артық мүмкіншіліктер беріліп, осы қызметті көрсететін өзге компаниялардың бәсекелестік жағдайын шектеген.

Мұндай актілерді қабылдауға Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабына сәйкес тыйым салынады.

Қазіргі уақытта БҚДА нұсқамасын орындап, министрлік әдістемелік ұсынымдардың күшін жойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу