Елімізде соңғы бір жылда 17 мың студент ақшасы жетпегендіктен оқудан шығарылған. Қаржылық қиындықтарға тап болған студенттерді мемлекеттік оқу орындары да, жекеменшік білім ордалары да аямапты, деп хабарлайды ktk.kz.
Удай қымбат оқу ақысын қалтасы көтермеген 17 мың студенттің 11 мыңы – жекеменшік жоғары оқу орындарына түскендер. Ал қалғаны – мақтаулы мемлекеттік университеттердің студенттері. Мүйізі қарағайдай мекемелер теңгесі жетпегендерді табалдырықтан аттатпай, оқудан бірден шығарып жіберіпті. Бірақ соған қарамастан, студенттердің саны жылдан жылға көбейіп келеді. Биыл жоғары оқу орындарында 477 мың адам оқып жатыр. Ал стипендия алатындардың үлесі 29 пайызға дейін төмендеген. Бір айта кетерлігі, жастардың жартысынан көбі мемлекеттік емес, жекеменшік университтерді таңдайды екен.