Оқу ақысының құны грант құнынан әлдеқайда төмен – министр

434

Ведомство оқу ақысын белгілеу бойынша консервативті саясат ұстанып отыр. 

Оқу ақысының құны грант құнынан әлдеқайда төмен – министр Фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО-лардағы оқу ақысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Көптеген университетте оқу ақысының құны мемлекеттік грант құнынан әлдеқайда төмен. Мәселен, ұлттық университеттердегі грант құны 1 млн 200 мың теңге болып белгіленген, ал бір жылдық оқу ақысының құны 500-550 мың теңге маңайында. Әрине, КИМЭП, Нархоз секілді жекеменшік ЖОО-лардағы оқу ақысы жоғары. Бірақ олар білім сапасына жауап береді. Мемлекеттік университеттерді қатаң бақылап отырамыз. Баға диапазонын грант құнына қарағанда төмен деңгейде ұстауға тырысамыз. Сондықтан да бұл мәселе бақылауда тұр", - деп жауап берді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Оның сөзінше, министрлік оқу ақысын белгілеу бойынша консервативті саясат ұстанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу