Президент: Оқу орындары күзет агенттіктерімен ұзақ уақытқа келісімшарт жасасқаны тиімді

993

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысы өтіп жатыр.

Президент: Оқу орындары күзет агенттіктерімен ұзақ уақытқа келісімшарт жасасқаны тиімді

Мемлекет басшысы оқу орындары күзет агенттігімен үш жылға келісімшартқа отыруы керегін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында қауіпсіздікті сақтау өте өзекті. Оқушылар мен студенттерді кез келген қауіптен қорғауымыз керек. Сол үшін бәріне ортақ ереже әзірлеу керек. Оқу орындары күзет агенттігімен қазір бір жылға келісімшартқа отырады. Келісімшартты жыл басында жасайды. Бұл дегеніміз жыл ортасына жылжып кетеді деген сөз. Мұндай келісімшарттарды ұзағырақ уақытқа, мысалы үш жылға жасаған тиімді болар еді. Оған рұқсат беру үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек", – деді Президент. 

Мұғалім, оқушы және ата-аналарды төтенше жағдай кезінде не істеу керектігіне үйрету де керек. Өзгенің көмегін күтпей, өз-өзін құтқара алатын болады сонда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу