Оқыс оқиға 17 шілде күні полигонда әскерилердің ұрыс құралдарын қолдануды пысықтау сабағында болған. Бірнеше дене жарақатын алған жауынгер шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізіліп, оған күрделі операция жасалды, деп хабарлайды 24.kz.
Өкінішке қарай, дәрігерлер оның оң қолын сақтап қала алмады. Қазір олар науқастың көзіне тұрып қалған жарқыншақты алып тастауға тырысып жатыр.
Айтуларынша, жас жігіттің өміріне қатер төніп тұрған жоқ. Дүйсенбіде ол санавиация ұшағымен елордаға жіберіледі. Ал екінші сабаздың жарақаты жеңіл болғандықтан дәрігерлердің көмегіне жүгінуден бас тартқан.