Оқу жылы басталғалы балабақшаларда 17 құқықбұзушылық тіркелген

139

Елімізде барлығы 11 600 мектепке дейін білім беру орындары бар.

Оқу жылы басталғалы балабақшаларда 17 құқықбұзушылық тіркелген Фото: Pixabay.com

Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамованың айтуынша,
әр жағдай жіті бақылауда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Оқу жылы басталғалы бері мектепке дейінгі білім беру саласында 17 құқықбұзушылық тіркелді. Бала құқығына қайшы келетін, оның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін мұндай жағдайлар мүлдем болмауы тиіс, алайда бізде 11 мың 600 мектепке дейін білім беру орындары барын ескерсек, 17 оқылық онша көп емес деп ойлаймын. Дегенмен әр жағдай біздің жіті бақылауымызда", – деді спикер.

Былтырдан бастап құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін біліктілікті арттыру курстарында психолог, методист пен педагогтерге арнайы бақылау парақшалары құрастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу