Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Министрліктің бұйрығына сәйкес, барлық мектеп мұндай дерек анықталған жағдайда комиссияға хабарлап отырады. Қазіргі таңда балалардың мектепке бармауы бойынша 105 фактісі анықталды. Барлық жағдай бойынша ведомство жұмыс жүргізіп жатыр. Оның ішінде ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары да бар. Егер де қандай да бір қиындық туындаса, мәселе әлеуметтік қызметтермен бірлесіп шешіледі", - деді вице-министр тілшінің сауалына берген жауабында.
Еске салайық, осыған дейін "Мектепке жол" акциясы аясында жалпыға білім беру қорынан қаражат бөлінетінін жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу