Оқу жылының мерзіміне қатысты сарапшылардың пікірі екіге бөлінді – министр

Оның нақты мерзімі осы аптада белгілі болады.  

Оқу жылының мерзіміне қатысты сарапшылардың пікірі екіге бөлінді – министр Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. 

"Оқу жылының мерзіміне қатысты министр ретінде шешім қабылдауым керек. Бірақ ол алдымен балалардың мүддесіне сай болуы керек. Мен ортақ келісімге келу бойынша тапсырма бердім. Оқу мерзіміне қатысты пікір екіге жарылды, бұл жерде мәселе кімдердің жеңетінінде емес. Бұл жерде алдымен балаларға білім беруде жағдай жасауымыз керек. Менің ойымша, жуырда аталған жайтқа қатысты нақты шешім қабылдаймыз. Осы аптада деп ойлаймын", - деді Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу