"Оқуға құштар мектеп" жобасы іске қосылады

2069

Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде министр Асхат Аймағамбетов мектептер бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Оқуға құштар мектеп" жобасы іске қосылады Фото: ortcom.kz

"Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу аяқталды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірдегі мектептерге бейнебақылау жүйесімен 100% орнатылды. Мектептер 99% жылы әжетханалармен қамтылды", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр орта білім беру жүйесінде қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы  алшақтық өзекті мәселе екенін айтты.

"Осы мәселені шешу жолын пысықтадық. Соның ішінде "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске қосып жатырмыз. Оның аясында мемлекеттік тілдегі көркем әдебиеттің мектеп кітапхана қорында айтарлықтай жаңарту міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды биыл шешу керек. Сонымен қатар кітапханашылардың жалақысын көтеру мәселесі де өте маңызды. Бұл бойынша тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы жүктеген еді. Сондықтан осы жұмысты биыл жалғастырамыз", - деді Асхат Аймағамбетов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу