Оқулық оқушылар мен ата-аналардың сұранысына сай болуы керек – Мәншүк Мұқаметқали

1019

Білім және ғылым министрлігі халықаралық консорциуммен бірлесіп, оқулық әзірлеу және сараптау жөніндегі 40 жетекші маманды біліктілік курсынан өткізді. 

Оқулық оқушылар мен ата-аналардың сұранысына сай болуы керек – Мәншүк Мұқаметқали

Шара шеңберінде мамандар халықаралық тәжірибемен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Оқулық оқушылар мен ата-аналардың сұранысына сай болуы керек. Оқулыққа қатысты шағым санын азайту үшін жоспарлы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біліктілік курсында сарапшылар мектеп оқулықтарын бағалау әдістемесін тәжірибеде қолдануды меңгерді", – деді білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Мәншүк Мұқаметқали.

Оның айтуынша, курста оқулық сарапшылары авторларға қойылатын жаңа талаппен және мектеп пәндері бойынша оқулықтарды бағалау әдістемесімен танысты. Бұған қоса басқа елдердің электронды оқулықтарды сараптау тәжірибесін талдады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу