Мектеп оқулықтары 100 пайыз цифрлық форматқа көшірілді

315

Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленуде.

Мектеп оқулықтары 100 пайыз цифрлық форматқа көшірілді Фото: canva.com

Бүгінде мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 100 пайызды құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді.

"Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімдерін жетілдіреді", – деп атап өтті Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу