Әлеуметтік желіде қазақстандық оқулықтарда жоқ жалған суреттерді жарияланғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Білім және ғылым министрлігі Ішкі істер органдарына тиісті арыз түсірген, деп хабарлайды 24.kz.
Ерлан Сағадиев қоғамда дау-дамай тудырған мәселеге қатысты осындай пікір білдірді. Министр барлық түйткіл парламент қабырғасында заңнамалық деңгейде қаралатынын жеткізді. Ол үшін "Оқулық" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталық өкілдері барлық өңірлерді аралап, аталған кітаптардың мазмұнына қатысты наразылық танытқан ата-аналармен және ұстаздармен кездесу өткізеді. Кейін барлық ұсыныс пен ескертулер жиналып, талқыға салынатын болады.
"Осы мәселе бойынша министрлік жұмыстар атқарып жатыр. Барлығы анықталған соң, ақпаратты сіздерге міндетті түрде жеткіземіз. Сондай-ақ Ерлан Сағадиев электронды журналдарды қолданысқа енгізген мектептерге қағаз журналдарды пайдалануға тыйым салынатындығын айтты. Министр Үкімет отырысында "Цифрлық Қазақстан" жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Биыл 7 мыңнан аса мектепте интерактивті сабақтарды 3 тілде жүргізуге мүмкіндік беретін жүйе енгізілген. Ғылыми гранттарға тапсырыс пен есепті электронды жүйеде қабылдау жұмыстары да іске асып жатыр", - деді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.