Оқулықтардың барлығы онлайн форматқа ауыса ма?

808

Сарапшылардың пікірі екіге бөлінді. 

Оқулықтардың барлығы онлайн форматқа ауыса ма?

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте "Білім-инновация" халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте оқулықтарды онлайн форматқа ауыстыру бастамасын қолдайтынын жеткізді. 

"Пандемия цифрландырудың қаншалықты қажет екенін баршамызға көрсетті. Онлайн оқулық, онлайн әдістемелік құралдардың болмағаны, біздің баламен бір кеңістікте жүрмегемізді көрсетеді. Оларға цифрлық технологиялар арқылы ұлттық құндылықтарды сіңіруіміз керек. Сондықтан сөз жоқ, онлайнға өтуіміз керек. Әрине, оны мектеп әкімшілігі мен  ата-ана қадағалауы керек. Барлығы емес, аралас түрде онлайн оқулықтарға көшу керек", – деді Дархан Өте. 

Ал "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаевтың пікірінше, бірден бұл форматқа ауысу қиын. 

"Пандемия болғанымен, бірден қағаз оқулықтан бас тартып, онлайн форматқа ауысып кетеді деу қиын. Өркениетті елдердің өзінде де бұл мәселеге ден қойылып, қомақты қаржы бөлініп отыр. Меніңше, қос үдеріс қатар жүреді. Алайда баланың әр кітапты қолға алып, жеке құрал ретінде қарастыруы жуық арада жойылмайды", – деді ол. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу