Оқулықты планшетпен алмастыру ұсынылды

820

Себебі оған 10 емес, 100 кітапты жүктеп алуға болады.

Оқулықты планшетпен алмастыру ұсынылды

Оқушылар енді кітап емес, планшет арқалауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық академиялық кітапхана директорының міндетін атқарушы Нұржан Жолдыбалинов айтты, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Егер планшеттің мүмкіндігі жетіп тұрса, балаларға он кітап арқалаудың қажеті бар ма? Қазір тексеруден өткен, көзге зиянсыз планшеттер жетерлік. Оған тіпті 10 емес, 100 кітапты жүктеп алуға болады. Алдыңғы қатарлы елдердің осы іске көшіп жатқандарын да білеміз. Жастардың да бұл істі құптайтындығына статистика дәлел", – деді ол.

Айтпақшы, қазір елімізде басылып шыққан 107 мыңдай кітап бар екен.

"Барлық кітапты электронды кітапханаға енгізбекпіз. Онда кириллмен қатар латын қарпінде де оқуға мүмкіндік болады. Бір ғана тетікті басу арқылы латын қарпіне ауысып оқи бересіз", – деп қосты ол.

Сондай-ақ, бұдан былай бір ғана оқырман билетімен барлық кітапханаға кіре аласыз.

"Біз осыны жүзеге асыруға күш салып жатырмыз. Оқырмандар әрбір кітапханаға барған сайын құжат толтырып, алдыңғы кітапханада жазғандарын қайталап, көп уақытын шығындауда", – деді Ұлттық академиялық кітапхана директорының міндетін атқарушы Нұржан Жолдыбалинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу