40 жастағы келіншек сол жерде қайтыс болған. Қалған алты адам ауруханада жатыр.
Оқыс жағдай демалыс базасында болған.
Полицейлер таратқан ақпаратта кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кеткендігі айтылды. Аталған факті бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр.
Зардап шеккендер арасында 49 жастағы ер адам мен бес бала бар. Біреуінің жасы небәрі бірде.
Зада Зейін
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу