Оқушы қыз жыныстық құлдықта болған: Қылмыстық істің қалай тергеліп жатқаны айтылды

134

Тоғыз істің бесеуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Оқушы қыз жыныстық құлдықта болған: Қылмыстық істің қалай тергеліп жатқаны айтылды Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы қыздың ісі бойынша мәлімет берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Күдікті 13 адамның саны өзгерген жоқ. Тоғыз қылмыстық істің бесеуін тергеу аяқталды. Өндірісте тағы бірнеше іс бар. Ол аяқталғаннан кейін жолданып, сот нүкте қояды", – деп қысқа қайырды Ержан Сәденов.

Айта кету керек, Қызылордада жыныстық құлдықта болған 16 жастағы қыздың ісі бойынша алғашқы сот үкімі шыққанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу