"Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу": Тағы 2 қылмыстық іс тергеліп жатыр

427

Қоғамды дүр сілкіндірген бұл оқиға бойынша бірнеше үкім шыққан болатын.  

"Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу": Тағы 2 қылмыстық іс тергеліп жатыр Фото: Depositphotos

Қызылорда облысында оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу оқиғасы бойынша тағы екі қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер оқушы қызға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттеріне тікелей қатысы бар адамдарға қандай да бір айып тағылды ма деп сұрады.

"Қызылорда облысындағы оқиға бойынша бірнеше үкім шықты. Сот шешімдеріне қатысты пікір білдіре алмаймын. Бүгінгі таңда тағы екі қылмыстық іс өндірісте бар. Бұл жағдай аяғына дейін тексеріліп, анықталатын болады", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында.

Айта кету кереу, бұған дейін Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлегендерге сот үкімі шыққанын жазған едік. Іс жабық сот отырысында қаралды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу