Қыз баланы зорламақ болған күдікті елордадағы психоневрологиялық диспансерден қашып кетті, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД.
5 қыркүйекте №83 мектеп-гимназиясының аумағында белгісіз ер адам 16 жасар қызды ұстап, бұтаға итеріп жіберген. Алайда мектептің шаруашылық меңгерушісі Любовь Шаукалова жақын маңда болып, қайғылы оқиғаның алдын алды. Бүгін шамамен сағат 12:00-де күдікті психдиспансерден қашып кетті. Қазіргі таңда оны полиция қызметкерлері іздеп жатыр және олар елорда тұрғындарынан көмек сұрайды.
Күдіктінің бойы 175-180 сантиметр, көзі мен шашы қара әрі қысқа. Үстіне Italia деген үлкен әріптерімен жазылған капюшоны бар қара күрте мен қара түсті спорттық бөрік киген. Сондай-ақ ішкі істер департаменті күдіктінің қара-көк түсті спорттық трико мен қара туфли кигенін ескертеді.