Оқушы қыздың асқазанынан 1 келіден астам шаш шықты

1125

Науқастың бала кезінде шашын аузына салып жүретін әдеті болған.

Оқушы қыздың асқазанынан 1 келіден астам шаш шықты

Тараздық дәрігерлер 13 жасар жеткіншектің асқазанынан салмағы – 1 келі 200 грамм, ұзындығы 40 сантиметрге жететін шаш алды.

Жамбыл облыстық балалар ауруханасы ота бөлімінің меңгерушісі Мәулім Кенжалының айтуынша, Байзақ ауданынан жедел жәрдем арқылы жеткізілген жасөспірімге ота 20 ақпан күні жасалған. Науқас одан 2-3 күн бұрын асқазандағы ауырлық, тамаққа тәбеттің болмауы, салмақ жоғалту сынды шағымдармен дәрігерлерге қаралған екен.

Ультрадыбыстық зерттеу жасалған соң науқасқа ота жасау жөнінде шешім қабылданған.

Нәтижесінде дәрігерлер Мәулім Қазиұлы мен Эльбрус Салпағаров жасаған ота сәтті өтіп, қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты күйде. Науқас 10-14 күнге дейін дәрігерлердің тұрақты бақылауында болады.

"Осыншама шаш асқазанда қалай пайда болуы мүмкін?" деген сауалымызға Мәулім Қазиұлы науқастың бала кезде шашын аузына салып жүру сынды әдеті болғандығымен байланыстырады.

Айта кетейік, мұндай оқиға Тараз қаласында тұңғыш рет орын алып отырған жоқ. Осыдан 5 жыл бұрын, 2015 жылы да аталған ауруханада 11 жасар қыздың асқазанынан 1 келіден астам шаш алынған.

Әсел Мұратбекқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу