Оқушы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

1114

Қандыағаш қаласының Жастық шағын ауданында жасөспірімдер арасында төбелес болған.

Оқушы пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Ақтөбеде мектеп оқушысы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында оқушылармен, ата-аналармен, педагогтармен кездесті. Жиын №2 мектепте өтті.

"Кездесуде жасөспірімдер қылмысы мен жол-көлік оқиғасындағы жарақат жайы айтылды. Мәселен, 16 қараша күні сағат 21:30-да Қандыағаш қаласының Жастық шағын ауданында жеке басы анықталмаған жасөспірімдер арасында төбелес болған. Соның салдарынан 10-сынып оқушысы пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Кездесуде полиция қызметкерлері қылмыстың жазасы туралы айтып берді", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 10 қараша күні Ақтөбе қаласында төбелес болып, 10-сынып оқушысы көз жұмды. Бұл іс бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу