Оқушы сөмкесі қандай болуы керек?

1488

Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу маусымына дайындық тақырыбына арналған баспасөз маслихаты өтті.  

Оқушы сөмкесі қандай болуы керек?

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин оқушы сөмкесін таңдауда нені ескеру керектігін айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.

Оның айтуынша, мектеп сөмкесін немесе рюкзакты баланың бойына және салмағына сәйкес дұрыс таңдау арқаның сау болуы үшін маңызды және әрбір ата-ана үшін мән беретін сұрақтардың бірі.

"Мектеп сөмкесін немесе рюкзакты сатып алғанда бірнеше негізгі жайттарды ескеру қажет. Мысалы, өлшемі, салмағы, анатомиялық түрі, конструкциясы, беріктігі, қолайлылығы, пайдаланылатын материалдардың сапасы және олардың қауіпсіздігі. Жүктеме барлық иыққа біркелкі түсетін нұсқаларға артықшылық беру керек. Бұл бала денесінің симметриялық қалпын сақтауға көмектеседі. Осы ережелерді сақтау сколиоз, остеохондроз сияқты аурулардың және жарық ауруының пайда болуының алдын алу шарасы болып табылады. Олардың салмағы: 1-4 сынып оқушылары үшін 300 грамнан, 5-6 сынып үшін 400 грамнан, 7-9 сынып үшін 500 грамнан және 10-12 сынып үшін 600 грамнан аспауға тиіс", - деді Жандарбек Бекшин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу