"Оқушы сыныптасын шампур тығып өлтірген": Орта мектептің директоры қызметінен босатылды

862

Директордың орынбасары мен екі сынып жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланды. 

"Оқушы сыныптасын шампур тығып өлтірген": Орта мектептің директоры қызметінен босатылды Фото: sputnik.kz

Алматы облысында мектеп оқушысының өлімі бойынша кәмелетке толмаған күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеушілер Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес, жергілікті атқару органдарына ұсыныс берді. Қазіргі таңда мектептің директоры қызметінен босатылды және оның орынбасары мен екі сынып жетекшісіне қатаң сөгіс жарияланды", - деді Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында. 

Оқиғаның мән-жайы анықталатынын баса айтты.

Айта кету керек, бұған дейін Қаскелең қаласында мектеп бітіру кеші қайғылы оқиғамен аяқталған болатын. Мерекелік кеш кезінде оқушылар арасында жанжал болып, ұл бала өзінің сыныптасына кәуап пісіретін шампур сұғып алған. Соның салдарынан мектеп түлегі қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу