Мектепке ішіп барып, оқушыға қол көтерген күзетші жұмыстан қуылды

377

Күзет агенттігінің басшылығына мектеп атынан талап арыз жолданды.

Мектепке ішіп барып, оқушыға қол көтерген күзетші жұмыстан қуылды Фото: kstnews.kz

Павлодарда жұмысқа ішімдік ішіп келіп,  6-сынып оқушысын кеудесінен ұрып жіберген мектеп күзетшісінің әрекетіне қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Мектеп әкімшілігі аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Қауіпсіздік қызметкерінің қол көтергені расталып, білім мекемесіне 102, 103 қызметтері шақырылған.

– Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мектепке полиция қызметкерлері мен күзет фирмасының өкілдері келді. Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды әлсіретіп алған мектеп басшысына тәртіптік шара қолданылды. Күзетші қызметтік міндеттерін атқарудан босатылды. Білім ұясының барлық қызметкерімен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша қосымша нұсқаулық өткізілді, – деп хабарлады Павлодар қаласының білім беру бөлімінен.

Бұған қоса білім беру бөлімі мектеп директорларымен білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын сақтаудың қажеттілігі және оқушылардың денсаулығы мен өмірінің сақталуына қатысты бірінші басшылардың жауапкершілігі туралы шұғыл жұмыс кеңесін өткізген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу