Әкімнің айтуынша, өңірде туу коэфициенті жоғары. Кейінгі бес жылда оқушы контингентіне 47 мың адам қосылған. Қазір 167 мың оқушы бар. Алдағы бес жылда олардың саны 207 мыңға жетеді деп күтіліп отыр.
"Жаңа оқу жылына 1 500 орындық екі мемлекеттік мектеп, 1 385 орындық алты жеке меншік мектеп пайдалануға берілді. Қазір сегіз мектептің құрылысы жүріп жатыр. Білім ордаларының санын көбейту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігіне басымдық беріліп отыр. Болашақта осы бағытта жалпы 5 400 орындық төрт мектепті салу көзделді (Ақтау – 3 мектеп және Жаңаөзен – 1 мектеп)", – дейді әкім.