Кішкентай ғана білім ұясы 40 жыл бұрын салынған. Сыйғаны сонда, сыймағаны шалғайдағы өзге мектепке барады. Сорақысы, білім ошағына газ мүлде тартылмаған. Қыс мезгілі көмір жағады. Қызылабад алқабындағы мектеп 45 адамға шақталған.
Сөйте тұра аудандағы балалардың саны қазір 450-ге жеткен. Алайда, аядай мектепке 65 оқушы ғана баратын көрінеді, оқушыларға жағдай жасалмаған. Нысанда не акт, не спорт зал жоқ. Алқапқа автобус та қатынамайды. Сондықтан тұрғындар жаңа мектеп салу мәселесі өткір тұр дейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу