Оқушылар ақылы платформаларды тегін пайдаланады

1426

Ұялы байланыс операторлары мен интернет провайдерлер арнайы сайттарды шектеусіз пайдалануға мүмкіндік береді. 

Оқушылар ақылы платформаларды тегін пайдаланады

Еліміздің Білім және ғылым министрлігі бұрын ақылы болған платформаларды оқушылар тегін пайдалану үшін арнайы келісімге келді, деп хабарлады Energyprom.kz. 

ЮНЕСКО-ның мәліметінше 2020 жылы 25 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустың өршуіне байланысты әлемде 1,5 млрд бала оқу бағдарламасынан тыс қалған. Бұл жалпы мектеп жасындағы балалардың 87,1%-ы. Сондай-ақ дүниежүзінің 165 елінде мектептер жабылды. 

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінші 2018 жылы елімізде 3,2 млн оқушы болған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға жоғары. ЮНЕСКО-ның хабарлауынша биылғы жылы Қазақстанда 5 млн-ға жуық мектеп жасындағы бала тіркелген.

Әлемдік пандемия кезінде білімге қолжетімділікті арттыру үшін әлемнің көптеген елі қашықтан оқытуға көшті. Бірінші болып Қытай 870 млн оқушысын аталған жүйе негізінде оқыта бастады. Бұл үдерістен Қазақстан да тыс қалған жоқ. Мәселен 6 сәуірден бастап отандық телеарналардан оқушыларға 2000 қосымша сабақ көрсетіле бастайды. Сонымен қатар ұялы байланыс операторлары мен интернет провайдерлер онлайн дәрістерге арналған сайттарды шектеусіз пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда оқушы саны 80-нен аспайтын алыс аймақтардағы балалар мәселесі каникул аяқталған кездегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешілмек. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу