Оқушылар апатты жағдайдағы мектепте білім алуда

2336

Қабырғалары қақырап, төбесі опырылғалы тұрған мектеп небәрі 8 жыл бұрын ғана салынған. 

Оқушылар апатты жағдайдағы мектепте білім алуда

Түркістан облысындағы Қостөбе ауылының оқушылары апатты жағдайдағы мектепте білім алуда. Қабырғалары қақырап, төбесі опырылғалы тұрған мектеп небәрі 8 жыл бұрын ғана салынған. Сол кездері оның құрылысына 400 млн теңге бөлінген екен.  Енді міне ғимараттың бір бөлігі апатты күйге түскен.

Ал санитарлық қадағалау қызметінің өкілдері асханасы мен өзге де бөлмелерін қауіпті деп қолдануға тыйым салған. Осыған қарамастан, мектеп оқушылары білім ордасына күнде баруға мәжбүр. Оқушылардың ата-аналары болса, балаларының өмірі үшін алаңдауда. Тіпті әкімдікке жазған хаттарынан да еш нәтиже шықпаған.

Ал жергілікті билік өкілдері болса, шамамен бір айдан кейін мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізетінін айтуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу