Оқушылар арасында Хәкім Абайдың 175 жылдығына арналған жарыс өтеді

805

Спорттық шараға қалалар мен өңірлердегі мектептердің 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. 

Оқушылар арасында Хәкім Абайдың 175 жылдығына арналған жарыс өтеді

Гимназиаданы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы мен Республикалық жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастыруда. 

21-30 қараша аралығында өтетін спорттық шараға оқушылардан бөлек, қатысуға ниет білдірген ата-аналар да тіркеле алады.  

"Гимназиадада ересектер өз балаларына қолдау көрсетіп, топтасып, олармен қашықтықты жүгіре алады. Балалармен бірге 1 шақырымды еңсере отырып, ата-аналар да жарыс хаттамаларында белгіленеді. Ұйымдастырушылар болашақта іс-шара тұрақты түрде өткізіліп, дәстүрлі болады деп үміттенеді. Жарыс 21 қарашада таңғы сағат 8-де басталады. Гимназиада 30 қарашада Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 6-да аяқталады", – деп жазылған хабарламада. 

Жарыс бағдарламасы бойынша 9 күнде 1 шақырымға 3 рет жүгіру керек. Қатысушылар өздерінің қалаларында немесе аудандарында жүгіруге ыңғайлы кез келген жерде, тәуліктің кез келген уақытында, ең бастысы көрсетілген уақыт кезеңі ішінде жүгіруге тиіс.

Жүгіруді Strava бағдарламасында белгілеу қажет. Жүлделі орындарға ие болған спортшылар ҚР БҒМ медальдарымен және дипломдарымен марапатталады.

Жарысқа қатысушыларды тіркеу jgr.kz/schoolleague сайтында 2020 жылдың 19 қарашасынан бастап жүзеге асырылады және жарыстарды өткізудің барлық мерзімі бойы ашық болады. Ұйымдастырушылардың талаптары бойынша қатысушылар онлайн-тіркеу рәсімінен өту керек. 

Ал гимназиаданың ресми нәтижелері 1-5 желтоқсан аралығында jgr.kz/schoolleague сайтында жарияланады. Іс-шараның Instagram хэштегі - #schoolleague_kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу