Оқушылар арасында қаржы сауатынан олимпиада өтпек

491

Мұндай тәжірибе көптеген елде бар.  

Оқушылар арасында қаржы сауатынан олимпиада өтпек Фото: egemen.kz

Биыл қазақстандық студенттер Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлделі оралды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы мониторингі агенттігі кадрлық жұмыс департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдеді.

Спикер мұндай олимпиаданы оқушылар арасында өткізуді Оқу-ағарту министрлігі мақұлдап отырғанын жеткізді. 

"Биылғы оқу жылынан бастап еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар арасында қаржылық қауіпсіздіктен пилоттық олимпиада өткізу туралы келісім бар. Оны дайындауға халықаралық жоғары оқу орындарының өкілдері мен агенттік өкілдері атсалысты. 2023 жылы қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар өткізіп, олимпиаданы ұйымдастыру ұсынысын Оқу-ағарту министрлігінің ғылыми сараптамасы оң бағалап, мақұлдап отыр", - деді Нұрлан Адалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу