Қазақстанда оқушылар арасында "омикрон" штамын жұқтыру дерегі тіркелмеген. Бұл туралы ДСМ СЭБК тамақтану, тәрбие және білім беру объектілерін бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахимжанова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Бүгінде "омикрон" штамы балалар арасында тараған жоқ. 2022 жылғы 16 қаңтардағы мәліметке сәйкес 685 білім алушы коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 3 студент, 19 коллежд студенті бар. Қалғандары мектеп оқушылары", – деді басқарма басшысы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу