Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

457

Чемпионат 21-24 қыркүйекте Алматы қаласында ADD үстел теннисі орталығында өтеді. 

Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды Фото: kazgazeta.kz

Сайысқа әлемнің 16 елінен ойыншылар қатысады: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия және т.б. Әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді. Жүлденің жалпы қоры – 8 млн теңге.

Чемпионаттың ресми ашылуы 21 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 14:30-да өтеді.

Тоғызқұмалақ – бұл қазақтың ұлттық ойыны, логикалық ойлау қабілетін дамыту өнері, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оның ақыл-ойын нығайтуда аса маңызды. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу