Оқушылар арасындағы төбелес қанды оқиғамен аяқталды

895

Пышақ жарақатын алған жасөспірімнің жағдайы ауыр дейді ақ халаттылар.  

Оқушылар арасындағы төбелес қанды оқиғамен аяқталды

Оқиға Кентау қаласындағы шет жақтағы шағын ауылдардың бірінде болған. Екі оқушы өзара сөзге келіп, жанжалдасып қалады. Кейін оның бірі екіншісіне пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші шұғыл түрде жақын маңдағы Түркістан қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Бұл қанды оқиға туралы полицейлерге дәрігерлер хабарлаған.

Аурухананың бас дәрігері мектеп оқушысы медицина мекемесінн ауыр халде түскенін алға тартты. Кеуде тұсынан терең жарақат алған оның өкпесіне де зақым келген.

"22 маусым күні кешкі уақытта біздің ауруханаға ауыр дене жарақатымен жасөспірім келіп түсті. Оған біз дереу шұғыл түрде ота жасадық. Өкпесін тігуге мәжбүр болдық. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Бірақ гемоглобині, қан қысымы бірқалыпты", – деді қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Әбдішүкір Егізбаев.  

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың сөзінше, аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы, яғни  "қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға әрекет ету" және 99-бабы "адам өлтіруге оқталу" бойынша іс қозғалды.  Күдікті ретінде ұсталған жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу