Ақтөбенің Шалқар ауданында оқушылар төбелесіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға мұз айынында болған. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің хабарлауынша, бір оқушы дене жарақатынан (денеге үшкір зат кірген) көз жұмған.
"Жедел жәрдем шақырмай, балалардың көмегімен жеткізілді. Келген кезде жағдайы ауыр болды. Реанимациялық құтқару жүргізілгенімен, көп қан жоғалтқаны анықталды. Әлденені сұғып алған жарақат. Бір бала көз жұмды", – деп хабарлады аудандық аурухананың бас дәрігері Асқар Есмағамбетов.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл ақпарат туралы кейінірек толық мәлімет беретінін жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу