Оқушылар арасындағы жанжалдан кісі өлімі тіркелді

588

Түркістан облысы Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылды.   

Оқушылар арасындағы жанжалдан кісі өлімі тіркелді

Ол кәмелетке толмаған, жергілікті тұрғын, 10-сынып оқушысы болып шықты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан облысы ПД басшылығы, сондай-ақ прокуратура өкілдері шықты, деп жазады inbussines.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында тұрмыстық негізде жанжал туындаған. Аталмыш ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алды.

Күдіктілерді ұстау бойынша басқа да шұғыл шараларды іске асырды. Осылайша, полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жанжалдың қалған қатысушыларын ұстау шаралары атқарылуда. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Бүгінгі таңда елдімекендегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу