Оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

96

Оқушылар 2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында көктемгі демалыста болады. 

 Оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады Фото: 018.kz

Осы кезеңдегі бос уақытты мазмұнды өткізу мақсатында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені жүзеге асырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Демалыстың әр күні "Наурызнама" онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге арналады. Оқушылар "Таза Қазақстан", "Еңбек адамы" және "Заң мен тәртіп" бағыттарындағы танымдық жобаларға қатысады, сондай-ақ дәстүрлі "Жер сағаты" акциясына атсалысып, азаматтық ұстанымдарын бекемдейді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да бірқатар іс- шаралар жоспарланып отыр. Ата-аналармен бірлесе отырып жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және киберкеңістіктегі сақтық шаралары бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу