Осы оқу жылының кестесіне сәйкес, екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс беріледі. Ол 2026 жылғы 9 ақпаннан 15 ақпанды қоса алғанда 7 күнге созылады.
Ал үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге созылады.
Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Айта кетейік, күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашасына дейін 7 күнге жалғасқан болатын.