Оқушылар латын графикасындағы әліпбимен оқымайды

999

Министр келесі жылы қазіргі әліпби қолданылатынын айтты.

Оқушылар латын графикасындағы әліпбимен оқымайды Фото: primeminister.kz

2020 жылы қолданыстағы әліпби латын графикасына көшірілмейді. Бұл мектеп оқушылары келесі жылы латын графикасындағы әліпбимен оқымайды деген сөз.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, латын графикасындағы жаңа әліпбиге көшу шұғыл шешілетін шаруа емес. Ол кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын жоба. 

"Қазір мәдениет және спорт министрлігі пысықтау шараларын жүргізіп жатыр. Ережелер бекітілгеннен кейін, біз тиісті жұмысты жүзеге асырамыз", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, жаңа әліпбидің бекітілген нұсқасының болмауының салдарынан, министрлік 2020 жылы мектеп оқушылары латын графикасындағы әліпбимен оқытылады деп айта алмайды. 

"Латын графикасына көшу үдерісі ұзақ жүреді. Бұл бағыттағы жұмыстарды тиянақтауға уақыт қажет. Ереже бекітілгеннен кейін ғана біз оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды әзірлейміз", – деді Асхат Аймағамбетов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу