Олар сиыр және қойдың жамбас сүйектерін пайдалану арқылы сақина, тарақ және ер қанаты аттың үстінде отырған батыр бейнеленген портрет пен жіліктен білезік жасап шығарды.
Көші қон байырғы замандағы ата-бабаларымыздың кәсібін бүгінгі заманда қайта өңдеп, құнды заттарды жасауды оқушыларға үйретіп жүрген осы мектептегі көркем еңбек пәнінің ұстазы Кеңшілік Серік.
Елордаға өткен жылы ғана қоныс аударып келген мұғалім бұл туындыны туған атасынан үйренгенін, ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыздың қолөнер заттарын бүгінгі жас ұрпаққа көрсетіп, таныстырып, оларды еңбекке баулу мақсатым, дейді.
Еңбекқор ұстаз бұдан бөлек аз уақытта оқушыларымен бірге ағаштан шағын ғана киіз үй жасап, балабақша бүлдіршіндеріне сыйлаған.