Оқушылар мен мұғалімдер тауда адасып қалды

404

Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды. 

Оқушылар мен мұғалімдер тауда адасып қалды Фото: canva

Қарасай ауданында Известковое шатқалында адасып кеткен тоғыз адамнан – 2 мұғалім мен 7 оқушыдан тұратын топты іздеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, ТЖМ Республикалық "Барыс" құтқару қызметінің құтқарушылары, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер қатысты. 

"Жергілікті жерді барлау үшін жылу түсіргіші бар ұшқышсыз ұшу аппараты және тікұшақ қолданылды.Таңертең топ тікұшақтан әуеден байқалды. Құтқарушылар оларға жетіп, қауіпсіз жерге - автотұраққа дейін алып шықты.", – делінген хабарламада.

Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу